Өнім

Қайталама шикізатты кешенді қайта өңдеудің бірегей технологияларын игеріп, жеке әзірлемелер мен ноу-хауды пайдалана отырып, бүгін біз қара және түсті металдардан жасалған өнімнің кең спектрін шығарамыз: болат өнім, ұсақтаушы шарлар мен өзекшелер, арматуралық құйма, катодты мыс пен мыс бұйымдар, қола, латунь, алюминий және қорғасын қорытпалар.

Қазіргі кездегі біздің кәсіпорынның өнімін шығару және өткізу көлемі келесі көлемдерді құрайды:

  • болат өнім – жылына 180 000 тоннаға дейін
  • құрылыстық арматура құймасы – жылына 155 000 тоннаға дейін
  • болат ұсақтаушы шарлар – жылына 42 000 тоннаға дейін
  • ұсақталған болат өзекшелер – жылына 7 800 тоннаға дейін
  • мыс катодтары – жылына 25 000 тоннаға дейін
  • қола, қола құбырлар – жылына 2 400 тоннаға дейін