Болат құйғыш зауыт

2001 жылы компания Павлодардағы сол сәтте тұралап қалған бұрынғы трактор зауытының базасында жаңа болат құйғыш өндірісті бастады. 2002 жылы мамырда жоба басталғанына 10 ай өткен соң, «Кастинг» ЖШС Павлодарлық филиалы өзінің бірінші өнімін шығарды.

2003 жылы жылына 300 мың тонна өнімділіктегі зауыттың бірінші кезегі қатарға қосылды. Бұл үш 25 тонналы электр доғалы пештен, екі шөміш-пеш агрегаттарынан, 100х100-дан 150х150 мм дейін кесік өнімін алатын үздіксіз болат құяятын үш тұтқалы қондырғыларынан тұратын электрлі болат балқыту бөлімі, сондай-ақ желілік орташа сұрыпты 500 стан, үздіксіз ұсақ сұрыпты 300 стан және шар құятын MS-64 станы кіретін сұрып құятын бөлім.

Danieli, SiderEngineering, Vezzani, Lindemann, Siemens секілді жетекші еуропалық өндірушілер жабдығымен жарақталған кәсіпорын. Заманауи технологияларды үйлестіре қолдану, ең жоғары сападағы өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Болат құйғыш зауыт республикада қайталама шикізатта толығымен жұмыс істейтін бірінші болып табылады. Сонымен қатар ол құрылыс арматурасын шығаруды қалыптастырған бірінші қазақстандық өндіруші болып табылады.

Бүгінгі күні «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10-жылдығы» атындағы болат құйғыш зауытта мыңнан аса адам еңбек етеді. Павлодар облысының қарқынды дамушы кәсіпорындарының бірі бола отырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына салмақты үлес қосады.

Сапаны бақылау

Болат құйғыш зауыттың негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі кіріс шикізатының сапасын бағалауды, аралық және дайын өнімнің нормативтік құжаттама және сапа сертификаттарының белгіленген талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ететін талдау Зертханасы.

Зертхананың негізгі міндеттерінің қатарына келесілер кіреді: негізгі өндіріс өнімінің сынамаларының химиялық құрамын шұғыл талдау; дайын өнім, жүк көтергіш механизмдерінің бөлшектері мен тораптары, дәнекерлік қосылыстар мен отқа берік материалдардың үлгілерінің механикалық өзгешеліктерін анықтау; сатып алынған өнімнің, түскен шикізат пен өндіріс қалдықтары сынамаларын анықтау; өнімнің, қалдықтардың және жұмыс орындарының радиациялық қауіпсіздік деңгейін анықтау.

«Кастинг» ЖШС ПФ талдау Зертханасы жүргізген өлшемдердің жоғары сапасы, бірқатар куәліктер мен аттестаттармен расталған. Сондай-ақ 2010 жылы 19 шілдедеқызмет зертханасына бекітілген өлшемдерді (сынақтарды) орындау үшін қажетті жағдайларды болуы туралы "Сараптама және сертификаттау Ұлттық орталығы" АҚ Павлодар филиалының куәлігі алынды. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жұмыс жүргізуге құқық беретін Қазақстан Республикасы ТЖМ төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі Комитет берген аттестат бар. Оның үстіне, 2008 жылы «KAZСТРОЙПРОЕКТ – ПВ» ЖШС дәнекерлік қосылыстар мен негізгі метал диагностикасы және бақылау бөлімінде ҚР өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында нормативтік құжаттар талаптарына талдау Зертханасының сәйкестігі туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік пен сараптамалық қорытынды саласында жұмыстар жүргізуге құқық беретін аттестат берді.