Түсті металдарды өңдеу жөніндегі зауыт

«Кастинг» ЖШС түсті металлдарды өңдеу жөніндегі зауыт 1994 жылы пайдалануға қосылды. Алматы қаласында орналасқан ТМӨЗ өндірістік қуаты жылына 6 мың тонна мыс өнімін құрайды. Оның номенклатурасында кең спектр бар: диаметрі 8 мм катаноктан күрделі профильді және геометриялық пішіндегі бұйымдарға дейін. Бұдан басқа, кәсіпорын мыс, қола, латунь негізіндегі маркалық қорытпалар шығарады.

«Кастинг» ЖШС мамандары мыс, қола және латунь темір шыбықтарын, су салқындататын кессондар, глиссажды құбырлар мен басқа профильдер өндіру кезінде үздіксіз көлденең құю әдісі әзірленді және игерілді.

Зауыттардың Алматыға жақын орналасуы өндірістік процесті неғұрлым тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, ТМӨЗ шикізат ретінде Мыс балқыту зауытында шығарылатын мыс пен қара қоланы пайдаланады. Өз кезегінде, түсті металдарды өңдеу жөніндегі Зауыттың шлагы Мыс балқыту зауытында қара мысты өндіру үшін қолданылады.