Мыс балқыту зауыты

2001 жылы «Кастинг» ЖШС Мыс балқытау зауыты іске қосылды. Алматыда орналасқан ол компанияның өз күшімен жобаланып, салынды. Қайталама түсті металдар мен олардың қорытпаларын өңдеуге бағытталған кәсіпорын, жылына 25 мың тонна катодты мыс өнімділігі бар. Бүгінгі күні зауыттың ұжымы шамамен 400 адамға жетеді.

Өндіріс үш бірізді технологиялық сатыдан тұрады. Бұл қайталама шикізатты өңдеу және дайындау, мыс анодтарын ала отырып мысты күйдіріп рафинадтау, М00К, M0K, M1K маркалы катодты мысты ала отырып электролитті рафинадтау.

Технологиялық процестерді және жабдықтарды үздіксіз жақсарту нәтижесінде шикізатты кешенді қолданудың жоғары деңгейіне жетудің сәті келді. Нәтижесінде мыстың тауарлық өнім түріндегі сынығы мен қалдықтарынан (мыстың өзінен басқа) қорғасын, мырыш, алтын мен күміс шығарылады. Қазіргі кезде біз қалайы мен никельді бұл тізімге қосуға мүмкіндік беретін зертханалық зерттеулер мен жартылайөнеркәсіптік технологиялар сынақтарын жүргізудеміз.

Өндірістің қала ішінде салынуы ең қатаң экологиялық талаптарға жауап беретін жаңа ресурс сақтаушы технологияларды зауытта әзірлеу және енгізу қажеттігіне талап етуде. Алматының ауа бассейнін қорғау үшін жылу мен газдардың пайдаға асыруды, сондай-ақ шаң фракциясынан 99%-ға тазалауды қамтамасыз ететін газ тазалғыш құрылғылар орнатылған болатын. Ауланатын шаң негізінен мырыштың тотығы ретінде көрінген және әрі қарай мырыштық концентрат секілді нарықта сатылады. Су бассейні мен топырақты қорғау үшін электролит ерітінділерінің үздіксіз регенарациясының бірегей көп сатылы технологиясы әзірленді. Оны қолдану қолданылған ерітінділерді ағызып жіберуді болдырмауға мүмкіндік береді, катодты мыс сапасына зиянды ықпал етуші олардың қоспаларынан үздіксіз бөлінуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ шикізатты пайдалану дәрежесін арттырады. Мыс балқыту зауыты жұмысының перспективалы бағыттарының тағы бір түрі - бұл алюминий мен қорғасынның маркалы қорытпаларын шығару. 2007 жылы осы өндірісті модернизациялау туралы шешім қабылданды, осы үшін француз DrossEnginееring фирмасының жабдығы сатып алынды. 2008 жылы сынықты, құйма машинаны және құймалардың қақтау жөніндегі машинаны балқыту үшін роторлық пешті қосатын заманауи өндірістік желі іске қосылды. Оның қуаты кәсіпорынға жыл сайын 12 мың тонна алюминий және қорғасын қорытпасын шығаруға мүмкіндік береді.

Сапаны бақылау

Мыс балқыту зауытындағы және Алматыдағы түсті металдарды өңдеу зауытындағы шығарылатын өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатымен сынақ зертханасы құрылды. Сапа бақылаудың кешенді жүйесінің ажырамас бөлімшесі бола отырып, ол кіріс шикізат пен материалдардың, катодты мыс өндірісінің технологиялық процесін және оның негізіндегі қорытпалардың, сондай-ақ дайын өнімді бақылауды қамтамасыз етеді.

Зерттеулердің барлығын сараптамалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарда көп тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар жүргізеді.

"Сараптама және сертификаттаудың Ұлттық орталығы" АҚ АФ комиссиясы жүргізген өлшемдердің күйін бағалау нәтижелері бойынша зертханада, сынақ жабдықтарында, эталондар мен кадрлық қамтамасыз етуде ең жоғары деңгейде сынақтарды орындау үшін жағдайлардың болуын растаушы куәлік алынды.