Менеджмент жүйесі

Қатаң бәсекелестік жағдайында «Кастинг» ЖШС тұтынушылар талабына, сондай-ақ салалық заңнамалық және нормативтік актілерге жауап беретін өнім жеткізу міндетін өзіне алды. Бұл сапаны тұрақты жақсарту жіне тұрақтылық қамтамасыз етуге бағытталған жүйенің өндірістік жүйесін модернизациялау көрсетеді. Бұған байланысты компания қазақстандық және халықаралық стандарттарға сай келетін сапа менеджменті жүйесін енгізу туралы шешім қабылдады.

2007 жылдың шілдесінен «Кастинг» ЖШС Болат құю зауытында СТ РК ИСО 9001 және ISO 9001С талаптарына сай сапа менеджменті Жүйесі енгізілді және табысты жұмыс істейді. Барлық өндірістік сатыларда өнімнің сапасын басқару «НаЦэкС» АҚ және TUV SUD SERT - сертификаттау қоғам бойынша орган TUV SUD Management Service GmbH берген сертификаттармен расталады.

2008 жылдың ақпанында «Кастинг» ЖШС Мысбалқыту зауыты катодты мыс шығару және өткізу саласында СТ РК ИСО 9001 стандарты бойынша кәсіпорындағы сапа менеджмент Жүйесі енгізілген сәйкестігін растаушы сертификат алды. Сол жылдың наурызынан барлық МЗ және ТМӨЗ-ның өнім мен жартылайфабрикаттарды шығаруға арналған СМЖ қолданылу саласын кеңейту шешілді.

2011 жылдың қыркүйегінде компания МЗ, ТМӨЗ және «Кастинг» ЖШС менеджмент Жүйелерін интеграциялауға кірісті. Соның аясында үш зауытта СТ РК ИСО 14001 талаптарына сай экологиялық менеджмент Жүйесі әзірленеді.

Менеджмент жүйесін енгізу және тұрақты жетілдіру компанияның жаңа даму деңгейін шығуына мүмкіндік береді: менеджменттің ұйымдық құрылымын модернизациялау, сонымен қатар оның тиімділігін арттыру; сапа мен экологиялық қауіпсіздікті басқару деңгейін көтеру; тұтынушылардың талаптарына толығымен сай өнім шығаруды қамтамасыз ету; оны өткізу көлемін көбейту, сондай-ақ ірі қазақстандық және шетелдік компанияларға арналған "жабдықтаушылардың бірінші таңдау" қатарына кіру.