Ғылыми-техникалық және кадрлық потенциал

Біздің компанияның табыс кепілі – жоғары ғылыми-техникалық потенциалдың және білікті мамандардың болуы.

Өзінің құзырлығында заманауи техникалық құралдары бар «Кастинг» ЖШС мамандары, ең күрделі өндірістік міндеттерді шешеді. Біздің өнімнің сапасын механикалық сынақтар, халықаралық стандарттарға сай физикалық-химиялық және химиялық талдаулар жүргізуге қабілетті зертханаларда бақыланады.

«Кастинг» ЖШС – бұл 1500 адамнан аса адам қызмет ететін технологиялық күрделі өндіріс. Міне сондықтан біздің зауыттардың жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етілуі біз үшін маңызды басымдық болып табылады. Компанияда жұмыскерлердің біліктілігін тұрақты арттыру жүзеге асырылады, ішкі оқыту және ұстаздық жүйесі дамытылуда, бейіндік ЖОО-мен, колледждермен және кәсіптік училищелермен жас мамандарды өз уақытында және тиімді дайындау үшін байланыс орнату және дамыту жөніндегі жұмыс жүргізіледі. Әлеуметтік мәселелер саласындағы біздің насихаттайтын басты принцип - бұл біздің жұмыскерлердің тұрақтылығы және амандығы.