Маркетинг пен өтім

Болат пен түсті металдардан шығарылатын өнімнің кең түрі біздің тауарларды өткізу жән маркетингі кезінде жан-жақтылықты және креативті тәсілді талап етеді. Міне сондықтан біз шағын бизнеспен және жеке кәсіпкерлермен, сауда-сатып алу фирмаларымен, трейдерлермен, қазақстандық және шетелдік корпорациялармен, министрліктермен, ұлттық компаниялармен және холдингтермен әріптестік жасаймыз.

Біздің серіктестердің ішінде жылжымайтын мүлік Қоры «Самрұк-Қазына», «Қазтеңізкөлікфлот», «Қазақмыс» Корпорация, ENRC, «Қазмырыш», «АрселорМиттал Теміртау», «КумторОперейтинг Компани» (Қырғызстан), Daewoo, Samsung және LG (Корея), Aurubis (Германия), Stemсor (Ұлыбритания) және басқалары.

Біз бизнес серіктестерімізді бағалаймыз, сондықтан тығыз, өте тиімді және ұзақ мерзімді қатынастар орнатуды мақсат қоямыз. Біз қарым-қатынастың барлық салаларындағы сервистің деңгейін арттыра отырып, біздің клиенттердің мүдделерін терең түсінуге және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізуге ұмтыламыз.